ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

79

0

Сыр елінің жастары 18 сәуірден бастап Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету шараларын ұйым¬дастыруда. Аталған мәселеге байланысты «Жастар ресурстық орталығы» КММ көмек қабылдау пункті ретінде жұмыс жасайды. Мұндай орындар барлық аудандарда ашылған. Өңір жастарының айтуынша, қайырымдылық көрсетуде жергілікті кәсіпкерлер мен жомарт жандар белсенділік танытуда.  Олар аталған орынға азық-түлік, жылы киім мен басқа да тұрмысқа қажетті тауарлар әкеліп тапсыруда. 
Айта кетейік, 24 сәуір күні Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек тиелген 7 жүк автокөлігі жөнелтіледі. Қайырымдылық акциясын ұйым¬дастырушылар көптеген кәсіпкерлердің базарлар мен сауда орындарынан жаңа заттар әкеліп жатқанын атап өтті. «Жомарт» мейірімділік үйінің еріктілері қоғамдық орындарда заттар жинауға белсене қатысып, көмек көрсету жөнінде үндеулер таратуда. «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері алғашқы қажеттілік заттарын жинап қана қоймай, зардап шегушілерге бір күндік еңбекақысын аударатындарын атап өтті.
«Абзал и К» компаниясы зардап шегушілерге 30 тонна күріш пен 2 тонна тұз жібереді. Жүктердің алғашқы партиясын әкелген «Мағжан и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев қазақстандықтар бір-біріне көмектесуде ұйымшыл әрі белсенді болу керектігін атап өтті. Қайырымдылық акциясы әлі де жалғасуда. Себебі, табиғи апаттан зардап шеккен басқа да облыс тұрғындарына көмек көрсету қажет. Көмек қабылдау орнының мекен жайы: Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі №82 «Жастар ресурстық орталығы». Байланыс телефоны: 8-7242-40-12-33.
Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз