Қайырымдылық концерті өтті

74

0

Қайырымдылық концерті өттіКеше облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жастары «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қайырымдылық концерт өткізді.
Тағдыр тәлкегіне түскен мүгедек жандарға арнайы қайырымдылық концерт қойылып, «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Жемчужинка» би тобы, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының белсенділері ән айтып, Достық үйінің «Наз» би тобы өнерлерін ортаға салды.
Өз кезегінде мекеме ұжымы балаларға жасалған облыстық ассамблеяның игілікті шаралары үшін алғысын білдірді.
Айта кету керек, бүгінгі күні аталмыш мекемеде 345 тағдыр тәлкегіне түскен мүгедек жандар мемлекет қамқорлығында тұрып жатыр.
 
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз