Қазақ елінің ақбаяны

106

0

Қазақ елінің ақбаяныҚазақ халқының ән өнерін дамыту мен насихаттау жолында тума талантымен жарқырай көрінген, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі», күміс көмей әнші,  жерлесіміз Мәдина Ералиева қазақ елінің зор мақтанышы. Осыған байланысты М.Ералиеваның туылғанына 60 жыл толуына орай апамыздың туған жері Ғ.Мұратбаев ауылында «Ақбаян» аудандық әншілер фестивалі өткізілді. 
Фестивалде жиырмаға жуық өнерпаздар М.Ералиева репертуарындағы әндерді шырқап, апамызды бір сәт еске түсірді. Сондай-ақ, М.Ералиева туралы деректі фильм көрсетілді. Фестиваль қорытындысында өнерпаз әншілерге «Алғыс хаттар» табыстады, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.