Қазақ есімі қазақша жазылсын

59

0

Қазақ есімі қазақша жазылсын Егер сіз
тегіңізді қазақша алғыңыз келсе «Халыққа қымет көрсету орталығы»  РМК филиалы арқылы кез-келген бөліміне барып
өтініш білдіруіңізге болады.                                   

Ол үшін мына құжаттардың тізбесі қажет:
      1)  жеке басын
куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      2)  белгіленген нысандағы өтініш;
      3)  көрсетілетін қызметті алушылардың туу туралы
куәлігі;
      4) неке қию
(ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (егер некеде болсаңыз)
      5) егер көрсетілетін
қызметті алушының кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәлігі
      6) көрсетілетін
қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;
      7) мемлекеттік баждың
бюджетке төленгенін растайтын құжат, яғни тіркеу үшін 2 айлық есептік көрсеткіш
(бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
 Қызмет түрін тіркеу күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау
күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
 Қосымша ақпарат алғыңыз келсе мына төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:
Тел:230805/167
Қызылорда
қаласының №1 бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз