Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қанша каражат бөлінді?

103

0

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қанша каражат бөлінді?Қазақ мемлекеттiлiгiнiң 550 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының
20 жылдығын тойлауға арналған iс-шараларға 3 жылға 3 млрд. теңге
бөлiнбек.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiм еттi.

«Мемлекет басшысының Қазақ хандығының 550
жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына
арналған iс-шараларды өткiзуге қатысты берiлген тапсырмаларын iске
асыруға, депутаттардың ұсынысына сәйкес, үш жылдық бюджетте шамамен 3
млрд. теңге бөлу көзделуде», – дедi министр ҚР Парламентi Сенатының
2015-2017 жылдарға арналған бюджеттi талқылауға арналған отырысында.

Оның атап көрсеткенiндей, Тiлдердi дамыту
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғастырылатын болады. Ол мақсатқа
жыл сайын 3 млрд. теңге жұмсау қарастырылуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз