
Қазақстанда алғаш рет өтетін турнирде Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады. Жарыс 10 салмақта (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91) өткізіледі.
Алты күнге созылатын шаршы алаң бәсекесі 1994-1996 жылдары туылған ересектер арасында ұлттық құрама командаға алынатын ең мықты деген спортшыларды анықтау болмақ.
Турнирді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бокс федерациясы ұйымдастырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!