Қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнир өтеді

45

0

Қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнир өтеді 14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР
Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен
1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтізіледі.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз
қызметі хабарлады.

Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы
қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай,
Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 12
команда қатысады. 

Жарыс 8 салмақ дәрежесінде өтеді. 

Жарыс соңында «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылады. Жүлде қоры:
1-орынға – жеңіл автокөлік. 2, 3-орындарға ақшалай сыйақы беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз