Қазақ күресінен республикалық турнир болды

96

0

Қазақ күресінен республикалық турнир болдыҚызылорда қаласында 18-19 сәуір күндері КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алуға арналған қазақ күресінен 1998-1999 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 14 команда, 160 спортшы қатысты. Жарыс ұлдар арасында 7 салмақта, қыздар арасында 3 салмақта өткізілді.
Аталмыш жарыстан Қызылорда облысының спортшылары 34 жүлдені иеленді. Оның ішінде 9 алтын, 9 күміс, 16 қола медаль.
Жарыстың мақсаты – КСРО спорт шебері Сабыр Мұхтаровты еске алу, жасөспірімдер арасында қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабыр Мұхтаров – 1953 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Сол елді мекендегі орта мектепті бітірген соң 1970 жылы механикалық зауытта жұмыс жасады. 1974 жылы қарулы күштер қатарынан келгеннен кейін жастар спорт мектебіне еркін күрестен жаттықтырушы-мұғалім болып жұмыс атқарды. КСРО спорт шебері, ұзақ уақыт ішкі істер органында абыройлы еңбек етіп, милиция подполковнигі атанған Сабыр Мұхтаров өнегелі өмірінде аймақ спортының дамуына өз үлесін қосып, еркін күрестен көптеген чемпиондарды тәрбиеледі. 1999 жылдың 15 қыркүйегінде 47 жасына қараған шағында мезгілсіз қайтыс болды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ұлдар арасында:
42 келі салмақта:
I орын Мақсат Еркебұлан (Павлодар облысы)
II орын Төребек Санжар (Жамбыл облысы)
III орын Мәди Ибрагим (Қызылорда қаласы)
III орын Нұрбек Қайратұлы (Қызылорда қаласы)
46 келі салмақта:
I орын Бағдәулет Иманзада (Қызылорда қаласы)
II орын Ғалымбек Әлкебаев (Қызылорда қаласы)
III орын Ерсұлтан Аймұрат (Жалағаш ауданы)
III орын Нариман Байзақ (Ақтөбе облысы)
51 келі салмақта:
I орын Әділжан Досмұрат (Қызылорда қаласы)
II орын Бекжан Төлепов (Шиелі ауданы)
III орын Рамазан Айтжан (Жаңақорған ауданы)
III орын Айдәулет Дүйсеахмет (Шиелі ауданы)
57 келі салмақта:
I орын Нұрдәулет Жақсылық (Қызылорда қаласы)
II орын Нұрдәулет Тұрсынқұлов (Жаңақорған ауданы)
III орын Жамбыл Іскендіров (Қармақшы ауданы)
III орын Еркебұлан Қаппаров (Қармақшы ауданы)
64 келі салмақта:
I орын Ақниет Қарабеков (Шиелі ауданы)
II орын Батырхан Есімов (Қармақшы ауданы)
III орын Жасұлан Бердібеков (Қармақшы ауданы)
III орын Шерхан Саудабек (Жалағаш ауданы)
72 келі салмақта:
I орын Расул Исмаилов (Жалағаш ауданы)
II орын Рамазан Бисенбай (Қызылорда қаласы)
III орын Диас Бекболат (Жамбыл облысы)
III орын Нұрлыбек Шынтай (Жаңақорған ауданы)
+72 келі салмақта:
I орын Нұрберген Алдабергенов (Жаңақорған ауданы)
II орын Асхат Балданбаев (Шиелі ауданы)
III орын Кәкімбек Өміртай (Жалағаш ауданы)
III орын Орынбек Қонысов (Маңғыстау облысы)
Қыздар арасында:
44 келі салмақта:
I орын Ақбота Ермашова (Қызылорда қаласы)
II орын Ұлбосын Мүсілім (Қызылорда қаласы)
III орын Малика Алпысбай (Қызылорда қаласы)
III орын Наргиза Гумарова (БҚО)
57 келі салмақта:
I орын Арайлым Қанзада (Жалағаш ауданы)
II орын Айдана Ермахан (Қызылорда қаласы)
III орын Гүлдана Мұрат (Қызылорда қаласы)
III орын Ақерке Оразбек (Қызылорда қаласы)
70 келі салмақта:
I орын Ләйлә Арыстанбек (Қызылорда қаласы)
II орын Мөлдір Маханбет (Қызылорда қаласы)
III орын Алиса Нұртас (Жалағаш ауданы)
III орын Мөлдір Қойбағар (Қызылорда қаласы)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз