Қазақ Ұлттық университетінде Әбдіжәміл Нұрпейісов дәрісханасы ашылады

39

0

Қазақ Ұлттық университетінде Әбдіжәміл Нұрпейісов дәрісханасы ашыладыҚызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Әлібаевтың төрағалығымен халық жазушысы Ә. Нұрпейісовтің 90 жасқа толу мерейтойын ұйымдастыру және өткізу жөнінде мәжіліс болып өтті. Күн тәртібінде мерейтойда өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлады «Сыр бойы» газеті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев жазушы Әдбіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 22 қазанда 90 жасқа толу мерейтойын жоғары деңгейде атап өту керектігін айтып, жоспар бойынша жасалуы тиіс жұмыстарды тез арада қолға алуды тапсырды.  
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда мерейтой бағдарламасы әзір. Жоспар бойынша 21 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің дәрісханасы ашылып, Ұлттық кітапханада фотоальбомың тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ, Ә.Нұрпейісовтің шығармашылығына арналған деректі фильмнің «Қазақфильм» киностудиясында көрсетілімі өтеді. 
Ал 22 қазанда мерекелік шара Сыр бойында жалғасады. Онда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада фотоальбом тұсаукесері өтіп, Н.Бекежанов атындағы драма театрда жазушының шығармашылық кеші болады.
Мерекелік шараның үшінші күнінде Арал жерінде «Қан мен тер» шығармасының басты кейіпкері Еламан бейнесіне арналған архитектуралық белгіні және скверді сонымен қатар, жазушы үй-мұражайының ашылу салтанатын өткізу жоспарланып отыр. 
Халық жазушысының 90 жасқа толу мерейтойына орай ұлттық ойындардан сайыс өткізіледі. Мерекелік кеш эстрада жұлдыздарының гала-концертіне ұласпақ.  
Жазушының туған ауылына сапары қазанның 24-не белгіленіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз