Қазақ тілі байқауының жеңімпазы – Антон Панарин

54

0

Қазақ тілі байқауының жеңімпазы - Антон ПанаринЖаңақорған ауданының мәдениет үйінде мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарын ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында байқау ұйымдастырылды.

«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты тақырыпта өткен байқауға 14-22 жас аралығындағы жастар қатысты. Байқау қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 50 тест тапсырмасы, белгілі бір тақырыпта эссе жазу, монолог құру мен кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу шарттарынан тұрды.

Байқау қызықты әрі тартысты өтті. Барлық үміткер жастар дайындықтарының жоғары дәрежеде екендігін көрсетті. Ұлты орыс, кәріс, түрік болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар өз елін, оның тілін құрметтейтін нағыз азаматтар екенін көрсете білді. Әділқазылар шешімі бойынша №169 орта мектебінің оқушысы Антон Панарин жеңімпаз деп танылып, облыстық байқауға жолдама алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз