«Қазақ тілі» қоғамының семинары өтті

100

0

«Қазақ тілі» қоғамының семинары өттіЖуырда аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Арал аудандық бөлімінде  «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Үш тілдің Ұлысы Ұлт тілі» атты семинар өткізілді.
Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сәдуақас Аңсат және аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Жұмабай Жақып бастаған тіл жанашырлары ауданымыздың бірқатар мемлекеттік мекемелерінде болып, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша жүргізіліп отырған жұмыстармен таныс болды. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімінде болып, арнайы жасақталған «Қазақ тілі» бөлмесін көріп, бөлімде «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту» жоспары бойынша жасалып отырған жұмыстармен таныс болды. Кездесу барысында облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы С.Аңсат бөлім ұжымының ана тіліміз – қазақ тілінің биік тұғырға көтерілуіне, іс-қағаздарын жүргізу барысында қолдану аясының кеңеюіне және мемлекеттік тілдің мәртебесі өсуіне үлес қосып, ауқымды іс-шаралар өткізіп отырғаны үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.
Бұдан кейін аудандық «Жыраулар үйінде» жалғасын тапқан іс-шара ауқымды семинарға ұласты. Семинарға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж.Жақып бастаған бірқатар мемлекеттік мекеме өкілдері баяндама жасап, мемлекеттік тілді дамыту аясында әлі де болса кездесіп қалатын кедергілерді талқыға салып, ой бөлісті.
Іс-шара соңында бір топ тіл жанашырларын марапаттау рәсімі болды. Соның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Арал аудандық бөлімінің қызметкерлері А.Әбішева мен Г.Медеталиева «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс хатымен марапатталды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің  баспасөз  қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз