Қазақ-түрік лицейі «Білім және денсаулық» көрмесін ұйымдастырды

59

0

Қазақ-түрік лицейі «Білім және денсаулық» көрмесін ұйымдастырдыКеше Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында №10
қазақ-түрік лицейі оқушылары жетістіктерінің «Білім және денсаулық»
көрмесі өтті.
    Шараның алғысөзінде облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан
Сайлыбаев үш тілді білу адамзат жетістігінің көрсеткіші екенін жеткізді.
«Еліміздің болашағы – білімді әрі сауатты ұрпақтың қолында. Қазіргі
жастар жан-жақты дамыған болуы керек. Бәсекеге қабілетті маман болу үшін
бірнеше тілді білу қажет», – деді ол.
    Ұйымдастырушылар айтқандай, көрме оқушылардың білімге қызығушылығын
арттырып, теориялық білімдерін шыңдау мақсатында өткізілді. Ол 9 пәнді
қамтып, 30-ға жуық жоба назарға ұсынылды. Жетістіктер көрмесіне оқушылар
қаланың басқа мектептеріндегі қатарластары мен мұғалімдерді де
шақырыпты. Сөйтіп, өздері ойлап тапқан дүниелер туралы айтып берді.
    Барлық жұмыс таңдай қақтырады. Келушілер робототехникамен, танысып,
химиялық реакцияларды бақылауға мүмкіндік алды. Басқа да жобаларды
тамашалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз