Қазақ қызы Германияда өткен сұлулар байқауында ең үздік модель атанды

75

0

Жанна Хайрулина қазіргі таңда «Дюйсбург Эссэн» неміс университетінің «Бұқаралық ақпарат құралдары» факультетінде білім алып жатыр. Жуырда ол халықаралық байқауға Германия елінің атынан қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мисс Қазақстан» байқауының ресми парақшасына сілтеме жасап.
«Көкшетау аруы – 2015» байқауының жеңімпазы Жанна Хайрулина 25 қараша күні Германияда өткен «WorldTopMode» байқауында ең үздік модель атанды. Аталған байқау Дюссельдорф қаласында өтті.
«Енді ол Венгрияның Будапешт қаласында өтетін халықаралық «WorldTopModel» байқауына Германия елінің атынан қатысады», – деп жазылған «Мисс Қазақстан» байқауының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз