ҚазАгро егістік науқанын қаржыландыруды бастағанын хабарлады

45

0

ҚазАгро егістік науқанын қаржыландыруды бастағанын хабарлады «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы егістік жұмыстарын қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
Ағымдағы жылы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарына республикалық бюджеттен ҚазАгро холдингі арқылы жалпы соммасы 60млрд. теңгенің қысқа мерзімді несиелері беріледі. Ал бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен ауылшаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚарқылы шамамен 35 млрд теңгені бөлу көзделіп отыр. «Қаржыландырумен алғашқы кезекте ауылшаруашылығы кооперативтері қамтылады. Сондай-ақ мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру және отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында дақылдардың басымдықтарын есепке ала отырып, қаржыландыру механизмі енгізіледі, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген дақылдарға (күнбағыс, рапс, зығыр,соя, арпа, қант қызылшасы, күріш, мақта, сұлы, картоп) басымдық жасалады», -делінген ресми хабараламада. Айта кетейік, «ҚазАгро» ұлттық холдингі қаржыландыруды үш бағытта жүргізеді. Олар: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдық желісі арқылы банк кепілдігінберу арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландыру; ауылшаруашылықкооперативтері мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді қорына ақша құю; несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары және өңірлікинвестициялық орталықтар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз