Қазалы ауданы озып тұр

52

0

Қазалы ауданы озып тұрЖыл соңында Қызылорда облысы бойынша «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығымен қала, аудан әкімдерінің рейтингісі анықталды. Әкімдердің рейтингісін анықтау кезінде 123 елді мекен тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша сараптама жасалып, қорытынды шығарылды. Ең жоғарғы көрсеткіш – 5 балмен өлшенеді.

Қорытындысында облыс бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсеткен Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов болды. Нәтиже – 3.9 балл. Бұл өз кезегінде қала, аудан әкімдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш саналады.
Қазалылық тұрғындардың ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы аудан әкімінің жұмысына өздерінің оң баға беретіндіктерін, сонымен қатар алға қойылған жоспарлардың міндеттерімен мақсаттардың орындалуына үміт артады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз