Қазалы ауданында 4 амбулатория ашылды

46

0

Қазалы ауданында 4 амбулатория ашылдыҚазалы ауданының төрт бірдей ауылында соңғы он күндікте 4 амбулатория
пайдалануға берілді. Соңғы үлгідегі медициналық құралылғылармен жабдықталған
амбулаторияның бірі – Ү.Түктібаев ауылында бой көтерді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Құрылыстың бас
мердігері – «РЗА» АҚ. Емхана ғимаратының жалпы ауданы 3 мың шаршы метр.
Құрылыстың жалпы сметалық құны 83,1 млн. теңге. Қаржының 74,8 млн теңгесі
республикалық бюджеттен қаралса, қалғаны облыстық бюджеттен бөлінді. Мұнда
күніне 15 адам ем-дом ала алады. 
Қазіргі таңда
Түктібаев елді-мекенінде клуб пен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Бұл екі
нысанда жуық арада пайдалануға берілетін болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз