Қазалы ауданында қар құрсауынан 100 адам құтқарылды

40

0

Қазалы ауданында қар құрсауынан 100 адам құтқарылдыӨткен түні 03 сағат 50 минут шамасында Қазалы ауданы Арық балық ауылдық округі Әйтеке би кентінен 40 шақырым жерде, Жанқожа батыр ауылының тұсында, қар құрсауында қалып қойған 12 автокөлік (2 автобус, 1 газель, 9 жеңіл автокөлік) тазартылған жолға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көліктерде жалпы 100 адам болған. Оның 10-ы – балалар. Құтқару жұмысына ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №4 өрт сөндіру бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Қазалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі (2 қызметкер 1 бірлік техника), аудандық ішкі істер бөлімі (5 қызметкер және 1 бірлік техника) және жергілікті басқару органы (3 адам және 1 бірлік техника) жұмылдырылды. Жарақат алғандар жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз