Қазалы ауданындағы жылу орталығын жаңғырту қажет (видео)

219

0

Қазалы ауданындағы жылу орталығын жаңғырту қажет (видео)Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы жылу орталығын жаңғырту қажет, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі. 
Мұндағы бу қазандықтары 20 жылдан бері халық игілігіне жарап келді. Қазір қосалқы бөлшектері тозып, көнерген. Оның үстіне биыл аудан ортылығы Әйтеке би кенті көгілдір отынға қосылады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралінен елді мекенге табиғи газ беріле бастайды. Сондықтан бу қазандықтарын мазут отынынан газға көшіру қажеттігі де туындап тұр. Сонымен қатар кәсіпорын теңгеріміндегі 23 шақырымдай жылу желісі мен 5 жылу тарату бекеттерін күрделі жөндеу керек. Айта кетейік, бұл орталық бүгінгі күні 63 мекеме мен 13 көпқабатты үй және 153 жеке секторды жылумен қамтып отыр. Және жыл сайын орталық қызметіне сұраныс арта түскенін айтады мамандар.
Нұрылда Әбілдаев, коммуналдық кәсіпорын директоры: 
Су арқылы жылытатын бу қазандыққа айналдыруға сондай ұсыныс берілді. Соған жұмыс жасап жатырмыз. Мынаған енді қосалқы ғимарат салып, соған 2 бу қазандығын газға бейімдеп орналастыру жөнінде жұмыс жасаймыз. Сметалық құжаттарын дайындау үшін біз енді 90 млн теңге қаражат сұрап отырмыз. Оның бәрі энергетика басқармасында қаралып жатыр. Облыс көлемінде осы мәселе шешімін тапса, ары қарай жұмыс жасауға болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз