Қазалы ауданының әкімі ораза айт мейрамымен құттықтады

36

0

Қазалы ауданының әкімі ораза айт мейрамымен құттықтадыБүгін Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов барша қазалылықтарды
ораза айт мейрамымен құттықтау үшін Жанқожа батыр мешітінде болды.
    Аудан басшысы өзінің құттықтау сөзінде хақ дініміз үшін тағылымды,
ең ғибратты мерекенің барша қауымға қашанда ең бір асқақтығымен
ерекшеленетінін айтты.
    – Қадірменді жамағат, бүгін міне, барша мұсылман баласы үшiн
қасиеттi саналатын Рамазан айы аяқталып, ораза айты басталды. Отыз күн
ішінде ораза тұтып, Аллаға құлшылық етіп, тілеген тілектеріңіз қабыл
болсын. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық
тілеймін, — деді.
    Бұл күні ұлттық ойындардан жарыс өткізіліп, көпшілік арнайы жайылған айт дастарханынан дәм татты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз