Қазалы ауданының орталығына газ келеді

42

0

Қазалы ауданының орталығына газ келедіҚазалы. Қазіргі уақытта Қазалы ауданының Әйтеке би кентін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Әйтеке би кенті әкімшілігінің ғимаратында газдандыру жобасына тиісті салалардан келісім алу жөнінде аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Шаменов, «Қазақ көлік мұнай-газ институты» ЖШС бас жобалаушы инженері О.Егай, «СейсмоСтройПроект» ЖШС директоры С.Мансуров және ауданның ауыз су, кәріз, электр желілері, телекоммуникация басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиналыста Жобалау барысында кварталішілік газ құбырларының қолданыстағы ауыз-су, кәріз жүйелері, жерасты кабель желілері, темір жол желісі және жобаланып жатырған кәріз, ауыз-су желілерімен өзара қиылысар тұстары нақтыланып, келісім алу жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар Әйтеке би кенті көшелерін аралап, газ құбырлары жүргізілетін жерлердегі нақты жағдаймен танысып, жобалау барысында орын алған бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды. Осыған байланысты жобалаушы мекеме ауданымызға Алматы қаласынан бас жобалаушы-инженері Егай Олег келді. Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Шәменов және бөлім басшыларымен бірлесе отырып жұмыстарды пысықтады. Әйтеке би кентінің кәріз жүйесінің құрылысы жобасының бас жобалаушысы «СейсмоСтройПроект» ЖШС директоры Мансур Серік қазіргі уақытта нақты жобалауға өзара келісімдер алынуда.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз