ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 55 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

53

0

Қазір аудан меншігіндегі автомобиль жолдардың 66,4 пайызыжақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2017 жылы аудандық маңыздағы автомобиль және елдімекенішілік көше жолдарын жөндеу жұмыстарына облыстық және аудандық бюджеттен  306 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Ал биыл Қожабақы-Бекарыстан би, Басықара-Абай-Өркендеу, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Қазалы-Көларық-Бекарыстанби-Жаңақұрылыс, Самара-Шымкент-Байқожа бағытындағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін құны 7 млрд. теңге болатын тиісті құжаттары әзірленді. Сонымен қатар, кенттегі 55 көшені орташа жөндеу үшін 2,7 млрд. теңге қаржы сұралуда.
Жалпы, биыл аудан көлеміндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 9,7 млрд. теңгеге жоба жасап, қаржыландырылуға ұсынылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз