Қазалы ауданының үздік тәрбиешісі аталды

75

0

Қазалы ауданының үздік тәрбиешісі аталдыҚазалыда аудандық білім бөлімінің ұйымдастырыуымен «Үздік тәрбиеші – 2016» атты байқауы өтті, – деп жазады kazalinsk.kz.
    Байқауға 19 балабақшадан тәрбиеші-педагогтар қатысты. Байқау 4
кезеңнен тұрды. «Үздік тәрбиеші – 2016» байқауының бас жүлдесі №21
«Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Жолмырзаева Айнұрға
бұйырды. Ал І орын №4 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Орыналиева
Алтын және №3 «Өрімтал» балабақшасының тәрбиешісі Жолмырзаева Айшагүл
ханымға бұйырды. ІІ орынмен марапатталған №2 «Айгөлек» балабақшасының
тәрбиешісі Әміраева Айгүл және №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Махамбетова Жадыра болды. Үшінші орынды қанағат тұтқан №5 «Аққоян», №14
«Сәуле», №28 «Ақбота», №17 «Айгүл» балабақшалары болды.
    Қалған балабақша тәрбиешілеріде ынталандыру мақсатында Алғыс хаттармен марапатталды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз