«Қазалы» кітабының тұсаукесері болды

47

0

Қазалы. Аудандық мәдениет орталығында Қазалы өңірінің арғы-бергі тарихы мен экономикалық өрлеуі, туған жерді қастерлеу мен қорғау және еңбек дәстүрі, білімі мен мәдениеті жайлы баяндалған «Қазалы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі «Аталмыш рәсімге кітап авторлары, жауапты редакторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы, редакторы, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Садуақасұлы, редакторы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбек Мыңжас арнайы келіп қатысты» деп хабарлайды.
Рәсім соңында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған игі іске қолдау көрсетіп, осындай ұрпақ үшін құнды дүниені жарыққа шығарған авторларға аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстап, сый-сияпат жасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз