Қазалы өнерпаздары шаһар жұртын шаттыққа бөледі

57

0

Қазалы өнерпаздары шаһар жұртын шаттыққа бөледі Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы қазақ-музыкалық драма театрында өнер мен мәдениет күндерін Қазалы ауданы жалғады. Дәстүрге айналған концерттік бағдарламаның шымылдығы кешегі өткен Қорқыт, Төле би, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Ғ.Мұратбаевтардың жас ұрпаққа айтқан аманаты мен қалдырған өсиеттерінен құрылған көрініспен ашылды.

Биыл қазалылықтар «Қазыналы Қазалы» атты мерекелік бағдарламасымен шаһар жұртын шаттыққа бөледі. Сахна төрінде өнердің ұлылығын дәлелдеген таланттар күмбірлеген күй төгіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Облыс орталығында 26 қарашаға дейін мерекелік шаралар жалғасады. Аудан өнерпаздарының өнерлерін әділқазылар сараптап, гала-концертте марапаттайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз