Қазалы оқушылар бүкілресейлік олимпиадада жеңімпаз атанды

52

0

Қазалы оқушылар бүкілресейлік олимпиадада жеңімпаз атандыАғымдағы жылдың 30 сәуір мен 27 мамыр аралығында физика пәнінен
Бүкілресейлік интернет олимпиадасына №25 орта мектептен7-8
сыныптарданбарлығы 10 оқушы қатысты. Бұл туралы аудандық әкімдіктің
баспасөз қызметі хабарлады. 

7-сыныптан қатысқан 5 оқушы жиналуы тиіс
30 баллдан Құлманова Сәбира 16, Әлібек Берікбол 18, Шарапат Нұрайым 18,
Болат Әлия 16, Қожахметова Камила 16 баллдан жинап сертификат иеленді. 

Ал, жеңімпаз атанған 8-сыныптан 5 оқушының үшеуі Аяған Камила 26,
Балғабай Әсем 26, Елтаева Элеонора 26 баллдан жинап, «Мега талант»
Халықаралық интернет олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломымен
марапатталса, екеуі Ахшай Әлия 24, Ерпайыз Нұрзинат 24 баллды
еншілеп,сертификат алды.

Айта кетейік, бұл олимпиада ғаламтор желісі арқылы жүргізілді. Тапсырма әр оқушыға 20 сұрақтан тест түрінде берілген.
Осы
оқушыларды дайындаған ұстаз да ескерусіз қалмады. №25 орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі Балнұр Мамен «Мега талант» Халықаралық интернет
олимпиадасының «Куәлігі» және «Алғыс хатымен» марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз