Қазалы қыздары қол добынан алда

136

0

Қазалы қыздары қол добынан алдаҚазалы ауданы
Әйтеке би кентіндегі №204 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің спорт залында Қазақстан
Республикасы Гандбол федерациясы Президенті Кубогының жүлдесіне арналған қыздар
арасында қол добынан облыстық турнир болып өтті, деп хабарлайды Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан
Республикасы гандбол федерациясы Президенті Кубогының жүлдесіне арналған қыздар
арасында қол добынан облыстық турнирдің ашылу салтанатына  Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов – барлық
жас спортшыларға сәттілік тілей отырып, Қазақстан Республикасы Гандбол
федерациясы Президенті Кубогының жүлдесіне арналған қыздар арасында қол добынан
облыстық турнир турнирді ашық деп
жариялады.
Кеңестер Одағының 7 дүркін жеңімпазы, Азия, Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі
сіңген спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Даулет Тұрлыханов, Қазақстан
Республикасы гандбол федерациясының президенті, Азия федерациясының кеңес
мүшесі Гүлнар Тұрлыханова, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт
басқармасының басшысы Садық Мұстафаев қатысып, спортшыларға
сәттілік тіледі.
Жарысқа облысымыздың барлық
ауданынан жеті командалар қатысып Қазалы ауданының командасы І-орынға ие болды.
Сырдария ауданы командасы ІІ-орын, Жаңақорған ауданы ІІІ-орынға қол жеткізді.
Жеңімпаз және
жүлдегер командаларды арнайы алғыс хаттар және кубоктармен және федерация атынан
қаржылай марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз