Қазалы жастары түрлі ұлт өкілдерімен кездесті

63

0

Қазалы жастары түрлі ұлт өкілдерімен кездестіҚазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аудан жастары түрлі ұлт өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әр түрлі ұлт өкілдері мен аудан жастарының арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген кешті «Жастарды қолдау ортылығы» МКМ Қазалы аудандық бөлімі ұйымдастырды.

Кеш барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығының Қазалы ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі эксперті Светлана Владимировна, «Бірлік-Единство» этномәдени қоғамдық бірлестігінің президенті Нафиса Таирқызы ауданымызда түрлі ұлт өкілдеріне жасалап жатқан қолдаулар және ұлтаралық қатынастардың ауданымызда іске асырылуы туралы өз ойларымен бөлісіп, жастарды Ассамблея жылы аясында ұйымдастырылатын шараларға атсалысуға шақырды.

Сондай-ақ, аудандық студенттер альянсының лидері Еркін Аманкелдіұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы туралы өз ойын ортаға салды. Әр ұлттың ұлттық киімдерін киген жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазалы ауданында 290 орыс, 28 кәріс, 23 неміс, 62 татар, 90 өзбек, 21 украин, 8 қырғыз, 2 молдаван, 3 башқұрт, 3 түркімен, 3 грек және басқа да беларусь, поляк өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз