Қазалы жастары туған жерді көркейтуге атсалысады

49

0

Қазалы жастары туған жерді көркейтуге атсалысадыҚазалы ауданы Ғани Мұратбаев ауылдық округінің саябағында аудан жастары еркін түрде  кездесу өткізді. Кездесуге «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, ауылдық округ жастар жетекшілері қамтылды. 
Кездесу барысында «Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жасыл ел» еңбек жасағының облыстық штаб жетекшісі Жасұлан Алдабергенов «Жасыл ел» бағдарламасының қай уақыттан бастап жұмыс жасап келе жатқанын, сонымен бірге «Жасыл ел» еңбек жасағының  атқарып келген жұмысымен алдағы атқаратын жоспарлары туралы сөз етті. 
«Жиылған жастар өз ойларын ортаға сала отырып, көшбасшылыққа қалай жету керекігін ұғып қалды. Кездесу барысында Ғани Мұратбаев ауылының әкімі Б.Бисембаев жастарға «Сіздер Ғанидың ұрпағысыздар, туған жерлеріңізді көркейтіп гүлдендіру жас ұрпақ тек сіздердің қолдарыңызда» деп тілегін білдірді. Кеш соңында Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың ескерткішінің алдына  барша жиылған жастар естелік суретке түсті» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз