Қазалыға «Ақ мол» келмек

34

0

Қазалыға «Ақ мол» келмекҚазалы. Аудан әкімі Бахыт Жақановтың қабылдауына келген Қостанай облысының тұрғыны, «Ақ мол» ЖШС директоры Жанұзақ Бисенәлі Әйтеке би кентінде нан және кондитер өнімдерін өндіретін цех пен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын салу үшін жер телімін сұрады. 
Өз кезегінде аудан басшысы ауданда кәсіпкерлікті дамытып жұмыс орнын ашамын деген инвесторларға тұрақты қолдау жасалатындығын жеткізді. Айта кету керек, былтырғы өткен аудан кәсіпкерлерінің бизнес-форумында аудан әкімдігі мен Қостанай облысындағы «Ақ мол» ЖШС арасында ұн және ұн өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде әріптестік келісім жасалған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз