ҚАЗАЛЫДА 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

46

0

ҚАЗАЛЫДА 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІҚазалы ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің саны 105 болса, оның 56-ы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
    Өткен жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-тетігі бойынша Жанқожа
батыр көшесіндегі №1 бес қабатты тұрғын үйге (пәтер саны-57) күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ал биылғы жылы Қ.Пірімов
көшесіндегі №5, 7 екіқабатты тұрғын үйлері жөндеуден өтті. Жұмыстар
«Қазалы тынысы» ЖШС арқылы жүргізілді.
    Айта кету керек, аталған бағдарлама шеңберінде 2016 жылға Счастнов
көшесі №1, 3, 11, 25А және Желтоқсан көшесі №12, 14, 42, 46, 54Б, 56А,
Жанқожа батыр көшесі №143, 145 екіқабатты тұрғын үйлерді күрделі
жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз