Қазалыда 121,7 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылды

35

0

Қазалыда 121,7 млн. теңгенің мүлкі заңдастырылдыМүлікті жария ету бойынша Қазалу ауданы әкімдігі жанындағы комиссияға жалпы сомасы 210087 400 теңгеге мүлікті заңдастыруға 61 өтініш келіп түсті.

Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде: 69 650 000 теңгенің 45 тұрғын үй нысаны; сомасы 140437 400 теңгенің 16 тұрғын емес коммерциялық нысандары бар. Құжаттардың толық ұсынылмауына байланысты 6 өтініш кері қайтарылған.

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша аудандық комиссия тарапынан 15 өтініш қанағаттандырылып, 121701 735 теңгенің мүлкін жариялау туралы шешім қабылданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз