Қазалыда 17850 гектар егіс егіледі

37

0

Қазалыда 17850 гектар егіс егіледіҚазалы. Биыл ауданда 17580 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарлануда. 
Оның ішінде 7200 гектары негізгі дақыл күріш болса, қалғаны бидай, жүгері, арпа, тары, картоп, көкөніс секілді дақылдар саналады. Бүгінде аудан диқандары техникаларын сайлап, тыңайтқыш, гербицид, тұқым, жанар жағар-май сияқты қажетті дүниелерін дайындап жатыр. «Өткен жылдың күзінде 6100 гектар сүдігер айдалып қойылған болатын. Осылайша көп ұзамай қазалылық шаруалар жұмысқа кіріседі» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз