Қазалыда 18070 гектар егіс егіледі

53

0

Қазалыда 18070 гектар егіс егіледіҚазалы. 2014 жылға аудан бойынша 18070 гектар егіс орналастыру межеленіп отыр. 
Оның ішінде дәнді-дақылдар 8120 гектар (44,9%), күріш 7370 гектар, мал азықтық дақылдар 7190 гектар (39,8%); майлы дақылдар күнбағыс 80 гектар, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2680 (14,8%), гектарға егу межеленуде. 2013 жылмен салыстырғанда дәнді-дақылдар 370 гектар, оның ішінде күріш 40 гектар, мал азықтық дақылдар 20 гектарға ұлғайтылып отыр. Бүгінгі күнге 100 гектар бидай, 500 гектар арпа, 1920 гектар жаңа жоңышқа дақылдары егіліп, 2387 гектар ескі жоңышқа суарылды. Сәуір айының екінші онкүндігінде егіс жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз