Қазалыда 257 адам тұрғын үйге мұқтаж

40

0

Қазалыда 257 адам тұрғын үйге мұқтаж Қазалы. Ауданда бүгінгі күні тұрғын үйге мұқтаж 257 адам кезекте тұр. Олардың 229-ы әлеуметтік қолдауды қажет ететіндер болса, 28-і бюджеттік сала қызметкерлері саналады. 
Ауданда өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 104 адамның баспаналы болуына мүмкіндік жасалды. Атап айтқанда, аудандық бюджеттен бөлінген 20 млн. теңгеге 8 баспана сатып алынса, бағдарламалар бойынша 10 үй, жұмыс берушілердің 10 пайыздық үлесі есебінен 35 арендалық тұрғын үй салынды. «Мұнан өзге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде 51 жас маманға үй сатып алынып берілді. Биыл 70 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 195 млн. теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде 8 тұрғын үй салу жоспарлануда» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз