Қазалыда 271 бос жұмыс орны ұсынылды

59

0

Қазалыда 271 бос жұмыс орны ұсынылдыҚазалы ауданында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыссыздармен қатар жұмыс іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандарда шақырылды.
Жәрмеңкеде 37 мекемелер мен кәсіпорындардан, жеке кәіпкерлерден 271 бос жұмыс орындары ұсынылды. Шараның мақсаты аудан жастарын жұмыспен қамту, жұмыссыздар санын азайту және кеңінен насихаттау. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңке барысында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына байланысты кәсіби оқуға шаштаразға 6, аспазшыға 4, көлік жүргізуге D санатына 5, әлеуметтік жұмыстарға 4, жастар тәжірибесіне жұмыс істеуге 5 маманға жолдама берілді. Сондай-ақ жәрмеңке қорытындысымен 8 адам тұрақты жұмысқа, 2 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз