Қазалыда бордақылау алаңдары салынады

58

0

Қазалыда  бордақылау алаңдары салынадыҚазалы. Ауданында іске қосылған тауарлы сүт фермасы арқылы сүт өндіру мәселесі жолға қойылған. Өткен жылдан бастап ет өндіру жұмыстары қолға алынды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр бір шаруашылықтың құны 380 млн. теңге болатын 500 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысын салу жөніндегі жобасы «ҚазАгро» Ұлттық Басқару холдингі АҚ-на ұсынылып, оң қорытындысын алған болатын. Биыл оның қаржысы шешіліп, алдағы науыз айында құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде. 
Одан өзге екі шаруа қожалығы 300 басқа арналған шағын мал бордақылау алаңын салуды қолға алып отыр. Қазіргі таңда екі шаруашылық та тиісті құжаттарын дайындап, жерлерін алды. Бұлардың да құрылыс жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.
 

Қазалыда  бордақылау алаңдары салынады

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз