Қазалыда 5 мың түп ағаш егілді

96

0

Қазалыда 5 мың түп ағаш егілдіБүгін Қазалы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов бастаған ел ағалары теміржол вокзалы маңындағы саябаққа өз қолдарымен ағаш көшеттерін екті. 
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара аудан тұрғындары тарапынан үлкен қолдау тапты. Сенбіліккемектеп ұстаздары, балабақша қызметкерлері, студент жастар, теміржол саласының мамандары, дербес бөлім қызметкерлері, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер белсенді қатысты.Жалпы, бүгін қала, кент, ауылдық округтерде барлығы 5 мың түп тал егілді.
Айта кетейік, аудан әкімінің өкімімен жарияланған көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары 11 наурыздан басталған болатын. Содан бері аудан көлемінде 4 рет өткізілген сенбілік жұмыстары өз нәтижесін беруде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз