Қазалыда 97 млн. теңгеден астам мүлік жария етілді

49

0

Қазалыда 97 млн. теңгеден астам мүлік жария етілді«Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға, олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» қабылданған Заң мемлекет тарапынан мүлікті жария ету жөніндегі біржолғы акция болып табылады. Өткен жылдың қыркүйек айынан басталған мүлiктi жария ету мерзiмi 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталмақ.

Осы уақытқа дейін Қазалы ауданы тұрғындарынан мүлкін жария етуге рақымшылық жасау туралы 14 өтініш түскен. Өтініштерді қарау нәтижесімен аудандық комиссия тарапынан 10 өтініш қанағаттандырылып, 97 735 735 теңгенің мүлкін жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз