Қазалыда африкалық тары егіледі

38

0

Қазалыда африкалық тары егіледі Қазалы. биыл өндірістік сынақ үшін мал азығына «РзаАгро» жеріне африкалық тары егіледі деп күтілуде. 
Астық тұқымдастарына жататын біржылдық азық-түліктік және малазықтық дақылдардың бір түрі – африкалық тары. Бұл дақылдардың сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы артады. Сабанының сапасы қыс күнінің өзінде көктемдегі көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Африкалық тары сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп жейді. Олардың дәнінен азықтық жарма және ұн өндіріледі, сабағынан қағаз шығарады. Дән қалдықтары жем, жасыл массасы малға көк азық, сүрлем, шөп ретінде пайдаланылады. Сонымен қатар, африкалық тарыны жеген тауықтар көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты болады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге береді. Олардың сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы азық болып табылады.
Сондай-ақ, шаруашылықта былтыр алғаш рет тамшылатып суару технологиясымен 2 гектар жерге жүгері егілді. Алынған өнім жоғары болды. Биыл осы әдіс арқылы 30 гектар жерге жүгері егу жоспарлануда. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз