
Аудан басшысы еліміздің егемендік алған жылдары жеткен жетістіктері мен отбасындағы алтын құрсақты аналардың рөлі туралы айта келіп, ел демографиясының дамуына елеулі үлес қосқан аналарға сый-құрмет көрсетті.
Кездесуде сөз алған «Еңбек ардагері», «Алтын алқа» иегері Маржанкүл Жүсіпова мемлекеттің осынау қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмыстарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, бүгінде ауданда 2 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар.