Қазалыда ардагерлер өнер көрсетті

45

0

Қазалыда ардагерлер өнер көрсетті
8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының өнерпаз ардагерлері концерттік бағдарлама ұсынды. Әйел-аналарға құрмет көрсету, жастарды үлкенді сыйлауға шақыру, ардагерлер мен зейнеткерлер арасындағы шығармашылық өнер ұжымдарының және жеке орындаушылардың қабілетін дамыту, халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын насихаттау мақсатында өткізілген «Анам менің бар байлығым, бақытым» атты концерт өте жоғары деңгейде өтті. 
Әрбір үйдің тамырын тереңге жайған бәйтерегі, ақылман ата-әжесі болып отырған жандар ән мен жырдан шашу шашып, көпшіліктің көзайымына айналды.
Мерекелік шара барыыснда сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов ардагерлердің қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Ел арасындағы татулық пен ауызбіршілікті насихаттау, нығайту жолында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардың орны ерекше екендігін тілге тиек етті.
Құрамында әр саланың ардагерлері бар «Атамұра» ансамблі мерейлі мерекеде жиылғандарға осылайша тамаша көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз