Қазалыда «ауғанның асуында от кешкендермен» кездесу өтті

89

0

Қазалыда «ауғанның асуында от кешкендермен» кездесу өттіҚазалы ауданында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті, деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына орай ұйымдастырылған кешке қан майданда Отан алдындағы борыштарын өтеп келген Күмісбай Серікбаев, Жаңабай Әлмағанбетов сынды азаматтар қатысты.

Тарих беттерінде адам ойымен жаратылып, қолымен жасалған дүние өз басына қауіп төндірген сәттер аз болмаған. Солардың бірі Ауған соғысы болатын. Саясат тудырған сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің кейбірі елге мүгедек болып оралса, кейбірі хабар-ошарсыз кетті.

Кездесу барысында ардагерлер Ауған соғысы жайында қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәңгі бейбіт заманды тілейтіндіктерін жеткізді. Бірақ сұм соғыс жайлы естелік айту оларға оңай соққан жоқ.

Кеш соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді. Сол кездегі 18-20 жас аралығындағы өрімдей жас азаматтардың интернационалдық борышын өтеу жолындағы ерлігі, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі жайында болған кездесудің бүгінгі бейбіт ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор болғаны ақиқат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз