Қазалыда аудандық ақындар мүшәйрасы өткізілді

51

0

Қазалыда аудандық ақындар мүшәйрасы өткізілдіЖанқожа батырдың өмірге келгеніне 240 жыл толуына орай Қазалы аудандық мәдениет орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұрпаққа ұран – ерлігі» атты аудандық ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған жиырмаға жуық талапкер ақындар қатысып, өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы олардың тақырыптың ашылуы мен мазмұнына, өлең мағынасының тереңдігіне, шумақ ұйқасына, сахна мәдениетін игеру деңгейіне, өлеңнің жатқа оқылуына басты назар аударды. Нәтижесімен бас жүлдені Қожабақы ауылынан Раушанбек Шарапатұлы жеңіп алса, І орынды Кәукей ауылынанЖанат Аханова иеленді. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарға Қазалы ауылынан Ақтілек Бітімбай мен Бекарыстан би ауылынан Назгүл Жарылқасын табан тіреді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз