Қазалыда аудандық футбол федерациясының есебі тыңдалды

51

0

Қазалыда аудандық футбол федерациясының есебі тыңдалдыҚазалыда аудандық футбол федерациясының есепті жиыны мен аудан футболшыларын марапаттау салтанаты өткізілді, – деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Аудандық футбол федерациясының президенті, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, спорт жанашыры Фердоуси Қожабергенов жыл көлемінде футбол спортына байланысты атқарылған жұмыстарды баяндады. Биыл аудан футболы үшін табысты жыл болды. Аудан спортшыларынан жасақталған «Жігер» құрама командасы облыс біріншілігінде бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен бірге «Алтын күз-2016» спартакиадасының бас жүлдесін де қазалылық команда иеленген болатын. 
Аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев аудан абыройын асқақтатқан аяқдопшыларды жеңістерімен құттықтап, спорттық киімдер табыстады. 
Шара барысында аудандық футбол құрамасының жаттықтырушысы Дархан Искаков ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 жас спортшыға  25 доп табыс етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз