ҚАЗАЛЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

106

0

Қазалы ауданында қайырымдылық акциясы басталды. Басты мақсат – қоғамдағы әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, өмірге деген талпыныстарын ояту, өмірлік кедергілерді жеңуіне жәрдемдесу. Акцияның ашылуына қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Асанжан Ешнияз «Садақаңды сауыңда бер» – деген тағылымды сөзді тағы бір еске салып, барша тұрғындарды қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданында «Барлығы да рахмет үшін!» әлеуметтік дүкені ашылып, жыл көлемінде 800-ден астам көмекке мұқтаж жандарға киімдер тегін таратылды. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы үшін беріледі.

Қайырымдылық шарасы биылғы жылы да түрлі бағытта жалғаспақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз