Қазалыда қазыналы қарттар бар…

38

0

Қазалыда қазыналы қарттар бар...Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау – біздің басты парызымыз. Біз тек мереке күндері ғана емес, әрдайым қарияларымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне назар аударып отыруға тиісті деген аудан әкімі Бахыт Жаханов ардгелерге құрмет көрсетіп, дастархан жайды, деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биылдың өзінде ауданда қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 5 млн 116 мың қаржы бөлінді. 
Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен жыл ішінде 59 ардагер Сарыағаш, Жаңақорған, Мерке, Көкшетау қалаларындағы шипажайларға жіберілді. Сонымен қатар жыл сайынғы «Шағала» лагеріне демалу дәстүрі жалғасын тауып,  60 ардагердің тынығуына жағдай жасалды. 
Аудан кәсіпкерлері мен ардагерлер ұйымының қолдауымен 56 қария Түркістан қаласына саяхатқа барып, көрікті тарихи орындарды аралап қайтты. Бұл жұмыстаралдағы уақытта да жүйелі жүргізіле береді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз