Қазалыда бабалар мерейтойы өтеді

46

0

Қазалыда бабалар мерейтойы өтедіҚазақ хандығының 550 жылдығы аясында Қазалыда Бекарыстан бидің 250
жылдығы мен Ақтан батырдың 245 жылдығы 30 қыркүйек күні өтетін болып
белгіленді. Қазіргі таңда бабалар жолын ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау
мақсатында білім беру орындарында конференциялар мен танымдық тәрбие
сағаттары өткізілуде, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз
қызметінен.

Арнайы делегация Ақтан батыр бейіті орналасқан Ақтөбе
облысына барып, батыр рухына құран бағыштап қайтты. Мерейтой аясында
кітапхана көрмелері, ғылыми-танымдық конференция, қайырымдылық шараларын
ұйымдастыру жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бабалар туралы жинақ шығару
үшін деректер зерттелу үстінде. Мерейтой аясында гүлдер жәрмеңкесі,
жыршы-термешілердің аймақтық фестивалі, ақындар айтысы, ат бәйгесі, т.б.
спорттық сайыстар өткізілетін болады.

Сонымен қатар, Бекарыстан би атындағы ауылдан қоғамдық мұражай және Ақтан батыр ауылынан мешіттің ашылу салтанаты өткізілмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз