Қазалы. Ауданда
мұз үстінде балық аулаудан жарыс өтті. Осымен үшінші жыл
ұйымдастырылған шараға 100-ге жуық адам қатысты.
Аудан әкімдігі баспасөз
қызметінің хабарлауынша, жарыс ережесі қарапайым – кімнің аулаған балығы көп
болса, сол жеңімпаз. Берілген уақыт 3 сағат. Қатысушылар мұзды ойып, қармақтарын салған бойда «балық
ілінді» деген қуанышты дауыстар естілді. Жарыс
қорытындысымен Бекарыстан би ауылының тұрғыны Ғабдулла Сәдуақасов І орын
иеленді. Ол, 3 сағаттың ішінде оннан
аса балық аулап үлгерген. Мұнан өзге жарыста «Ең үлкен балық», «Ең жас балықшы»
номинациялары бойынша марапатталғандар да бар.