ҚАЗАЛЫДА БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

50

0

ҚАЗАЛЫДА БАЛЫҚ ӨҢДЕУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫҚызылорда облысында жылдық қуаттылығы
11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның төртеуі
балықты қатыру, мұздату және ыстату секілді жеңіл өңдеу түрімен
айналысады. Қазалы ауданындағы сондай шағын цехтың бірі жеке кәсіпкер
«Игіліков» филе дайындау жобасын жүзеге асырды. Яғни, шаруасын
ірілендіріп отыр. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданына жұмыс
сапары барысында цех жұмысымен танысты.
Жалпы,
«Т.Игіліков» шаруа қожалығы 2011 жылдан бастап Арал теңізінен балықтың
10 түрін аулап келеді. Осы күнге дейін балық өнімдерін қатырып,
мұздатылған күйде саудалауда. Цех ғимаратын кеңейтіп, құрал-жабдықтар
алғаннан кейін балықты өңдей бастады. 
Зауытта
тәулігіне 5 тонна балық сүбесі өндіріледі. Қазір мұнда 40 адам жұмыс
жасауда. Дайын өнімді экспорттау мақсатында еврокод алу бағытында
жұмыстар жүргізілуде. – Облыста 3 жылда балық аулау мен өңдеу 47 пайызға
артты. Бұл Кіші Арал жобасының жүзеге асуының нәтижесі. Қазір Арал мен
Қазалы аудандарында балық өңдейтін зауыттар қатары артып келеді. Яғни,
су маржандарын экспортқа өңдеп шығаруға мүмкіндік алып отырмыз, – деді
облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Өткен
жылы облыста 7761 тонна су маржаны ауланып, 3461 тонна балық өңделді.
Жыл басынан бері құны 1,5 млн. АҚШ доллары болатын 382 тонна балық
өнімдері Польша, Дания, Грузия, Әзірбайджан мемлекеттеріне
экспортталды. 
Айта
кетейік, шілде айында республикалық деңгейде Арал өңірі балықшыларының
екінші слеті өтеді. Слетке 1500 жуық адам қатысады деп жоспарлануда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз