
Жалпы, аудан аумағында Ақсай, Қуаңдария көлдер жүйесінде 9007 гектар аумақты құрайтын 17 су айдыны бар. Бүгінгі таңда осы учаскелерде 11 балықшы бригадасы жұмыс жасайды. Онда 50 адам нәпақасын тауып жүр. Жыл басында аудандағы «Қаракөл» көлі де тауарлы балық шаруашылығы көлдерінің тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта бұл аумаққа да су жеткізіліп, балық аулауға қолайлы жағдай жасалатын болады.